RU
Зейнетақы қорынан ақша ұрлану ісі: Күдіктілердің бірі тергеуден жалтарды

Зейнетақы қорынан ақша ұрлану ісі: Күдіктілердің бірі тергеуден жалтарды

Рассказать Вконтакте

Зейнетақы қорынан 3 млрд теңге ұрлады деп күдіктелген "Имсталькон" АҚ бұрынғы бас директоры Владимир Кананыхин тергеуден жалтарды. Оған іздеу жарияланған. Ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады деп жазады "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Владимир Кананыхин. Фото: time.kz

Владимир Кананыхин. Фото: time.kz

Бұған дейін құрылыс ұйымының 79 жастағы экс-бас директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Серік Есмұқанов және қаржы-экономикалық қызметтер бөлімінің бастығы Ирина Ковчеговамен бірге 2,9 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Бұл қаражатты жеке зейнетақы қорлары «Имсталькон» АҚ облигацияларына инвестициялады.

Бірақ кейінірек БЖЗҚ-да қордың бірігуі кезінде компания өз міндеттемелерін орындай алмайтындығы белгілі болды. Сондықтан, қор бақылау органдарына арыз жазды.

Іс "Алаяқтық" бабы бойынша тергеуде.

Сонымен бірге, басылымның хабарлауынша, Владимир Кананыхин соттан аз уақыт бұрын денсаулығын жақсарту мақсатында Қазақстаннан шығып кеткен.

Газеттің жобалауынша, оған тергеу өкілдері ғана елден шығуға рұқсат бере алады, әйтпеген жағдайда күдікті елден кете алмайтын еді.

Алматы соты 1 қазанда бұрынғы топ-менеджерге халықаралық іздеу жарияланып, оны Қазақстанның Интерпол бюросы іске асырады.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану"Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін болады

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel