RU

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық азамат табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық ер адам табылды. Жігіт үй қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы үйінде деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты видеосынан кадр

Жол апаты видеосынан кадр

Бұл туралы сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада өткен брифингте айтты.

"Ол Қазақстанға қашып кеткен. Яғни, ұшаққа билет алып, еліне жеткен. Қазіргі уақытта бостандықта. Павлодар қаласында тұрады. Сол жақта біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлесті.
Корея тарапынан арнайы құжаттар келіп түсті. Ол құжаттарды Сыртқы істер министрі тиісті механизм бойынша Бас прокуратураға жолдады. Енді бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының арасында шешіледі", - деді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, жас жігіт 1999 жылы өмірге келген.

Еске сала кетсек, осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық азамат табылды
Mailfire view pixel