Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған зейнетке шығу керек":Бапкер Бэнкс Головкинді сынға алды

Опубликовано:

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс Сергей Деревянченкомен өткен жекпе-жектегі қазақстандық боксшының жұдырықтасуына көңілі толмағанын жеткізді. Ол бұған өзінің де кінәсі бер екенін атап өтті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нью-Йоркте өткен жекпе-жек төрешілер шешімімен Головкиннің пайдасына шешілді. Джонатон Бэнкс аталған жекпе-жекке талдау жасап, өз боксшысының жіберген қателіктерін атап көрсетті.

"Бұл менің кінәм. Бұндай жекпе-жекке өмір мен өлімнің мәселесі секілді қарау керектігін оған жеткізуім керек. Оған не зейнетке кету керек, не барлығын жоспарға сәйкес жасау керек", – дейді жаттықтырушы.

Ол рингте өз боксшыларының соққы жіберіп жатқанын көргісі келмейтінін, Геннадийға ауыр қарсыласпен ұзақ жұдырықтасуға дайын болуы керектігін басында ескерткенін алға тартты.

"Мен оның қолдарын еркін жұмсап, басымдыққа ие болғанын, жекпе-жекке қарқын беріп тұрғанын қаладым. Геннадий болса, өзі бұрыннан бері үйреніп қалған қалыпта жұдырықтасты. Оны соққылардан сырғып өтуге, баспен қимылдап, қолдарына еркіндік беруге үйрету қиын", – деп толықтырды жаттықтырушы.

Ол Головкиннің соңғы уақытта залда үйренген тәсілдердің барлығын қолданбағанын тілге тиек етті. Жаттықтырушы бұл қателіктерді түзейтініне сенімді, алайда, оның оңайға соқпайтынын мойындауда.

"Қандай да бір себептермен Геннадийге осындай жекпе-жектер ұнайды. Ол жекпе-жек көруге келген жұрттың көңілінен шыққысы келеді. Ал мені ол мәселе алаңдатпайды. Маған тек өз боксшымның жеңіске жеткені маңызды, оны қалай болса да қорғаймын", – дейді Бэнкс.

Ол сондай-ақ Головкинге тым қатты шегінбеуге кеңес бергенін жеткізді. Себебі оны көрген Деревянченко шабуылға барады.

"Мен оған әр раунд сайын: "Достым, сен тым көп шегініп жатсың", дедім. Егер Геннадий екеуміздің залда дайындалып, ойластырған тәсімлдерімізді қолданса, оның көп соққы жасауға мүмкіндігі болар еді", – дейді жаттықтырушы.

Бұл Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушының қол астында өткізген екнші жұдырықтасуы екенін атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, 12 раундқа созылған жекпе-жек төрегшілер шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Сондай-ақ орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуде қолынан жарақат алғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820823-ogan-zejnetke-sygu-kerekbapker-benks-golovkindi-synga-aldy/

pixel