RU
Дариға Назарбаева шенділерді әлеуметтік желі арқылы есеп беруге шақырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева шенділерді әлеуметтік желі арқылы есеп беруге шақырды

Рассказать Вконтакте

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Назарбаеваның айтуынша, өкілді органдар жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Сенатта аймақтармен ынтымақтастықты арттыруға арналған Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

"Біз сенаттың жанында жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрдық және оған зор үміт артып отырмыз. Мәслихатпен байланыс тығыз әрі белсенді және екіжақты болғанын қалар едік", - деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Сенат басшысының пікірінше, халықпен жұмыс жасаудың жаңа түрі керек болады, жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыстарды үздіксіз өткізіп, жасалған жұмыстар туралы ресми сайттарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де кеңінен жариялау қажет екенін атады.

Назарбаева бұл ретте осы жұмыстар атүсті жасалмай әрі сөз жүзінде қалмай, нақты мазмұнға ие болуы керектігін атап өтті.

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы ұлттық мәдени орталықтар басшыларымен сол күнгі болған кездесуде аймақтардағы ассамблеялардың мәртебесін нығайтуды, атап айтқанда жастарды мәдени орталықтар жұмысына тарту, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері үшін әлеуметтік лифт жүйесін құру мәселелерін талқылады.

Сіздің реакцияңыз
25
1
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel