Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарының есімін Россия деп атаған ерлі-зайыптылар елді таңғалдырды

Опубликовано:

Ресейдің Орехово-Зуево қаласының тұрғындары Олег пен Инна Солнышкиндер жаңадан туған қызына Россия деген есім қойды. Әзербайжаннан Ресейге қоныс аударып келген жанұяның отағасы бұндай есімді қою шешімі еліне деген ыстық ықыластан туғанын жеткізді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Олег Солнышкин ата-анасының ұлты орыс екендерін, олардың Кеңес одағы кезеңінен бері Әзербайжанда тұрғандарын әңгімеледі. 2000 жылы ол жұбайымен бірге жұмыс таба алмай, пәтерлерін сатып, Ресейге көшіп келіпті.

Басында Инна мен Олег Мәскеуде тұрған. Кейіннен 2012 жылы Орехово-Зуеводан пәтер сатып алды. 2007 жылы олардың тұңғыш қыздары – Софья дүниеге келді. Ал осыдан екі апта бұрын екінші қыздары туылып, ерекше есімге ие болды.

"Біздің неліктен қызымызды Россия деп қойғанымызды ресейлік азаматтық жасатқан адамдар ғана түсінеді, – деп қалжыңдайды Олег. – Азаматтық алу өте қиын, соншама кезеңдер бар. Оттан да, судан да өтуге тура келді. Және өте ұзақ уақыт алады екен. Мен 2016 жылы азаматтық алдым. Ал әйелімнің ол құжатты алу процесі әлі жүріп жатыр".

Олегтің айтуынша, тарихи отанында ол біраз нәрсеге қол жеткізген. Олар пәтер сатып алып, ресми жұмысқа орналасқан. Инна "Детский мир" дүкенінде қызмет етеді. Ал Олег – көтерме компанияның бас директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820833-kyzdaryny-esimin-rossia-dep-atagan-erli-zajyptylar-eldi-tagaldyrdy/

pixel