RU
"Президентке жеткіземін": Асхат Садырбай жастар ұйымын құрмақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Президентке жеткіземін": Асхат Садырбай жастар ұйымын құрмақшы

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Асхат Садырбай волонтерлар мәселесін қолға алмақшы. Арыстағы қайғылы оқиға кезінде еріктілермен бірігіп жұмыс істеген журналист енді ресми түрде ұйым құруды көздеп отыр. «Qazaqstan Team» жобасы туралы ол Ernur.kz тілшісіне айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Волонтерлерді көбінесе шақырып, бірақ оларды массовка ретінде жай сапа үшін емес, сан үшін қолданған көріністерді осы уақытқа дейін көп көрдік.

Тек қана барып кел, шауып келге жұмсап оларға ешқандай мотивация, стимул бермей жинап алып, шығарып салатын, сондай бір түсініксіз жәйттарды көзіміз көп шалды. Осы уақытқа дейін әртүрлі ұйымдарды көрдік.

Асылында «волонтер» дегеніміз кім? Ол - белсенді, ерікті. Бізде оның рөлінің маңызды, мәртебесі биік, азаматтық қоғамды құратын, дамытатын белгілі бір тұлға екенін түсіндіре алмады.

  • Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялап отыр ғой.
Сондықтан келер жылы осы нәрсені өзіміз үшін насихаттауымыз, айтуымыз қажет сияқты. Өйткені біздің елде волонтерлер қозғалысы дамуы керек", - деген журналист арнайы қозғалыс құрғысы келетінін де айтты.

Асхат Садырбай «Qazaqstan Team» арқылы белгілі бір іс-шараларда бой көрсетіп, одан кейін жоқ болып кететін топ емес, өзекті мәселелерді көтеретін жастардың басны біріктірмекші.

"Өзім Ұлттық Кеңес мүшесі ретінде мәселелерді президентке жеткізіп, алдына қойсам, сосын оның шешілуін жеке қадағаласақ дейміз.

Өйткені біз көбінде мәселені айтамыз да кетіп қаламыз, ал «ол қалай шешіледі, шешілу жолдары қалай, қашан жүзеге асады» деген сұрақ жоқ! Ренжиміз, өкпелейміз, кінәлаймыз, бірақ осы нәрсеге келгенде тиянақтылық танытпаймыз.

Менің ойымша, біз белсенділік танытуымыз керек. Өзімізге қажетті мәселелерді өзіміз шешуге ат салысуымыз керек", - деді тележүргізуші.
Сіздің реакцияңыз
9
1
2
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel