RU
Миллиондаған шығын: Дүтбаевтың "туысы" бірнеше адамды тақырға отырғызған
Жаңалықтар Қоғам

Миллиондаған шығын: Дүтбаевтың "туысы" бірнеше адамды тақырға отырғызған

Рассказать Вконтакте

"АТФБанк" АҚ" Алматы қалалық филиалының проблемалық қарыздармен жұмыста қатерлер бойынша басқарманың бұрынғы бас маманы Бақытжан Дүтбаев ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол клиенттерді миллиондаған ақшаға алдаған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Күдіктінің орташа жалақысына қарамастан, шалқып өмір сүргені белгілі болды.

Ол қымбат автокөлік мініп, жиі шетелде демалып жүрген, тіпті, GGG-"Канело" жекпе-жегін жеке тамашалап қайтқан.

Тергеу мәліметі бойынша, күдікті 2015 жылдан бері қарызбен проблемасы бар клиенттерді алдап келген.

Басылымның ақпарынша, алаяқтық жасау үшін ол арнайы тәсіл ойлап тапқан: клиенттерге несиені аз ақшамен жабуға болатынын айтып, қаражатты банктегі шотқа салу керектігін жеткізген. Банк клиенттері оған сеніп, миллиондаған ақшаны кассаға емес, қызметкердің қолына беріп отырған.

Бұдан бөлек, ер адам банктің кепіліндегі жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті алуға ниетті клиенттер тауып отырған. Ол бұл тауарлар үшін нарықтағы бағадан төмен сома ұсынған.

Белгілі болғандай, жапа шеккендердің біреуі күдіктіге 56 млн теңге, ал тағы біреуі 555 мың доллар қаражат берген.

Клиенттердің сеніміне кіру үшін күдікті өзін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дұтбаевтың туысымын деп таныстырған. Осылайша, банк қызметкерінің бұрынғы шенеунікпен тегі бір болуы оның заңға қайшы әрекет етуіне көмегін тигізген.

Алайда, ҰҚК бұрынғы басшысының шын мәнінде туысы болып келетін азамат күдіктінің үстінен полицияға арызданған. Ер адам оны 17 млн теңгеге алдап кеткен екен.

Басылымның жазуынша, күдікті жалпы алғанда, заңсыз жолмен шамамен жарты млрд теңге табыс тапқан. Алматыда аталған іс бойынша сот отырысы өтуде.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel