Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда перзентхана қызметкерлері жаппай жұмыстан шығып жатыр

Опубликовано:

Атырауда перзентхананың 31 қызметкері өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Олармен министрлік және денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Анықталғандай, қазір өңірде Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен барлық Қазақстаннан келген мамандар жүр.

Атырау облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мәншүк Аймурзиеваның сөзінше, перинаталдық орталыққа дәрігерлерге көмектесу үшін еліміздің барлық аймағынан ақ халаттылар келіп жатыр. Жыл басынан бері бір анестезиолог-реанимотолог, екі неонатолог ауысса, жақында тағы екі неонатолог қызметке кіріседі деп күтілуде.

Аймұрзиева перзентхана толығымен жабдықталғанын атап өтті.

26 қыркүйектен бері мұнда сәби өліміне байланысты мониторингтік топ тергеу жұмысын жүргізуде.

Сондай-ақ, облысқа келген денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өңірдегі перзентханалардың жұмысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820862-atyrauda-perzenthana-kyzmetkerleri-zappaj-zmystan-sygyp-zatyr/

pixel