Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда 15 жасар қыз біреудің автокөлігін айдап кеткен деп күдіктелуде

Опубликовано:

Талдықорғанда 15 жасар колледж оқушысы біреудің қымбат автокөлігін айдап кетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

6 қазанда Талдықорған полициясына Lexus RХ-300 маркалы автокөліктің иесі хабарласып, белгісіз біреудің сауна аумағынан темір тұлпарын айдап кеткенін жеткізген.

Қалада орналасқан бақылау камераларының арқасында полиция қызметкерлері автокөліктің ізіне түсті.

"Күдікті құрбысымен бірге автокөлікті тастап, такси ұстап кетуге тырысқан. Қыз автокөлік иесінің танысы болып шықты", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Белгілі болғандай, автокөлікті 15 жастағы қыз айдап кеткен. Ол Үштөбедегі колледждердің бірінде оқиды.

Темір тұлпар иесіне қайтарылып, "Автокөлік немесе өзге көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820865-taldykorganda-15-zasar-kyz-bireudi-avtokligin-ajdap-ketken-dep-kdiktelude/

pixel