RU
"Нокаутқа жіберемін": "Канело" басты трилогияның нәтижесін атады

"Нокаутқа жіберемін": "Канело" басты трилогияның нәтижесін атады

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварес Головкиннің жеңісінен кейін GGG-мен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Канело" Головкиннің ол үшін қызық емес екенін алға тартуда. Аталған мәселе спортшы мен Golden Boy компаниясының арасында көтерілген еді.

"Мен әркім жұдырықтасқысы келетін боксшымын. Головкин менімен күрескелі бері не істеді? Ол ештеңе жасамады. Мен Golden Boy Promotions-пен сөйлестім. Егер олар менің онымен кездескенімді қаласа, Головкин мені тек бизнес ретінде қызықтыруы мүмкін", - деп түсіндірді Альварес.

Оның айтуынша, тек жоғары гонорар ғана оны қазақстандық боксшыға қарсы рингке қайта шығуға итермелей алады.

"Канело" енді GGG-ді сынақ деп қабылдамайтындықтан, онымен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты.

"Мен жақында ғана жеңіске жеткендермен (Сергей Ковалев) жұдырықтасу үшін екі салмақ категориясына көтеремін. Головкин мен үшін бұдан былай сынақ болып есептелмейді", - дейді Альварес өз шешімі туралы.

Оның айтуынша, ол Головкинмен 24 раундты өткеріп, жеңімпаз болып қала берген.

"Ал үшінші жекпе-жекте не болады? Мен қайтадан жеңемін. Оның үстіне мен оны, тіпті, нокаутқа жіберемін". - деп уәде етті мексикалық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазан күні Нью-Йоркте Геннадий Головкин 2 чемпиондық титулға ие болды. GGG жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс өзінің шәкіртінің жеңіске жеткеніне қуанғанымен, рингтегі жұмысына көңілі толмады.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel