RU
Ақмола облысы полиция басшысы қызметінен босатылды

Ақмола облысы полиция басшысы қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы полиция департаментінің бастығын қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетті хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Берік Білялов. Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі

Берік Білялов. Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі

Ақмола облысында сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап етті деген күдікпен жоғары лауазымды полицейлер ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізуге байланысты, басшының орынбасары Асан Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сәуле Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен полиция департаментінің басшысы генерал-майор Б. Биляловқа қатысты атқарып отырған қызметінен босату туралы баянат берілді делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқаратын полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel