Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер": Атыраудағы перзентхана мамандары үндеу жасады

Опубликовано:

Тергеушілердің жобалауынша, дәрігерлердің немқұрайлығынан жаңа туған нәресте қайтыс болған Атырау облыстық перинаталды орталығының дәрігерлері үндеу жасады. Мамандар өздеріне жұмыс атқаруға мүмкіндік беруді сұрады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Бұл іс қоғамдық резонанс туғызып, 30-дан аса адам жұмыстан шығуға өтініш жазған.

Дәрігерлер орталықтың жұмысы тоқтап қалғанын айтты.

"Олар кінәлі ме, кінәлі емес пе, біз оны біле алмаймыз. Ешкім де сот шешімі шықпай жатып айта алмайды. Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер!", - деді гинекология бөлімінің меңгерушісі Бақыт Шоқабаева.

Ал акушер-гинеколог Меруерт Айдарханова орталықта жұмыс істейтін дәрігерлердің өз жұмыстарын дұрыс атқарулары үшін оларға психологиялық және моральді тыныштық керек деп есептейді.

Оның әріптесі Нұрлан Жұбанышев дау-дамайға байланысты өз міндеттерін адал атқаратын орталық қызметкерлері туралы азаматтарда жаңсақ пікір қалыптасқанын атап өтті.

"Халықта бұл жерде тек кісі өлтірушілер жұмыс істейді деген ой пайда болды. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл жағдай бізге онсыз да оңай емес", - дейді ол.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Журналистердің айтуынша, перзентханадан ең мықты мамандар жұмыстан кетіп жатыр. Дәрігерлердің көмегі ондаған босанушыларға керек.

"Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасы, министрлік өкілдері және кәсіподақ ұйымы олармен жұмыс істеп жатыр.
Дәрігерлермен диалог орнату үшін біз бәрін жасап жатырмыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін күресетін бағалы қызметкерлер", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы дәрігерлерден жұмысын бұрынғыдан да жақсы жасауларын өтінді. Оның сөзінше, дәрігерлер медициналық көмек көрсетуді жалғастырулары керек.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.

Кейінірек, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасап, оқиғаға қатысты министрліктің ұстанымын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820905-zmys-isteuge-mmkindik-beriizder-atyraudagy-perzenthana-mamandary-ndeu-zasady/

pixel