RU
Фарфор қыз: Дағыстандық "қуыршақ" ару туралы білесіз бе?

Фарфор қыз: Дағыстандық "қуыршақ" ару туралы білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Мариан Пашаеваның ерекше бет әлпеті және фарфор терісі оны қуыршақ сияқты көрсетеді. Мұндай ерекшелік назардан тыс қалмай, бойжеткен әлеуметтік желіде жұлдыз болды деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мариан 1997 жылы Махачкалада өмірге келген. Алайда ондағы қатал әдет-ғұрып "дағыстандық қуыршақтың" көңілінен шықпаты.

Ол Солтүстік Осетияға, одан кейін Мәскеуге көшкен. Сөйтіп сұлулығы ерекше ару бірден көзге түседі.

Марианға Егор Кридтің "Будильник" клипіне түсуге ұсыныс түскен. Осы сәтте қуыршақтың жерлестері оған түрлі сын айтты.

Алайда ол Марианның сәнбикелік агенттіктермен жұмыс істеп, Кридтің "Не могу" бейнебаянына тағы түсуге кедергі болмады.

"Фарфор қыз" әлеуметтік желіде де танымал. Оның Instagram парақшасына 600 мыңға жуық оқырман тіркелген. Ең қызығы ол оқырмандарымен тек қарапайым фотоларын бөліседі.

Көпшілік Марианның сұлулығы дағыстандық табиғаттан екеніне сенбей, пластикалық отаға жүгінген деп топшылайды. Алайда Марианның өзі мұны растамады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
3
0
0
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel