Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жыл бұрын тоқал алған азамат барынан айырылып, далада қалды

Опубликовано:

Сәкен Жиренбаев 20 жыл бұрын тоқал аламын деп барынан айрылған. Әйелі мен балалары одан теріс айналып, тоқалы бұрынғы күйеуіне қайтып оралған. Қос аяғы үсіп кеткен қарияның өздігінен жүріп тұруы қиындап кеткен деп жазады "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сәкен Жиренбаев. Видеодан кадр
Сәкен Жиренбаев. Видеодан кадр: Facebook

Ер адамның сөзінше, оның 7 баласы болған, екеуі қайтыс болыпты.

Қазіргі таңда бірінші әйелі кіші ұлымен бірге тұрады. Екінші әйелі бұрынғы күйеуіне қайта қосылған.

Сәкен Жиренбаев - Алматы облысы, Жалаңаш ауылының тумасы. Ол бақуатты отбасында жалғыз бала болыпты. Алайда ол бесінші сынып оқып жүргенде әкесі қайтыс болып, сабақтан жиі қалатын болған.

Жетінші сыныпта мектепті тастаған бала ақша табудың қамына кіріседі.

Ол мал бағып, жақсы ақша тапқан. Оның достарының сөзінше, қарияның кезінде жеке шаруашылығы болыпты.

Сәкен тоқал аламын дегенде оның әйелі мен балалары теріс айналған. Ал екінші әйелінің бірінші некесінен балалары болыпты.

Бір ай өткен соң тоқалы да бірінші күйеуіне қайта оралуды жөн көрген. Сәкен араққа салына бастап, ақыр аяғында көшеде қалыпты.

Ер адамның ашық аспан астында өмір сүріп жүргеніне 20 жыл болған. Оны жұмысқа алып, ақысын төлемей, ұрып-соғып, қуып жіберген кездері де болыпты.

10 жыл бұрын оның аяғы үсіп кетіп, саусақтарын кесіп тастаған. Осыдан кейін оның өздігінен жүріп-тұруы қиындап кеткен.

"Көк жайлау" сауықтыру орталығының атқарушы директоры Виталий Никулин ер адамға көмегін ұсынды. Ол үйсіз адамды өзінің орталығына емдеуден өтуге және әрі қарай жұмысқа тұруға шақырды.

Сондай-ақ, ер адамға құжаттарын қайта жасатып, мүгедектікті рәсімдеуге көмек көрсетіледі.

Журналистер Сәкен Жиренбаевтың туыстарын іздеуге тырысқан, алайда табылған мекен-жайларда оның ешқандай баласы тұрмайтын болып шықты. Олар қарияның әйелі мен балалары Сәкенді кешіріп, жақын күндері өздері байланысқа шығады деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820916-tokal-algan-er-adam-barynan-ajrylyp-kaldy/

pixel