RU
Деревянченко Головкинмен реванш өткізе ме?
Жаңалықтар Қоғам

Деревянченко Головкинмен реванш өткізе ме?

Рассказать Вконтакте

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) реванш өткізудің оңайға соқпайтынын мойындап отыр деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ары қарай қандай нәтижелер болатынын күтеміз. Головкиннің реваншқа деген ниеті бар-жоғын білмеймін. Менің ойымша, ол Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізгісі келеді. Ол белбеу үшін жұдырықтасуға ниетті. Егер бұл жоспары ойдағыдай іске аспаса, реванш та болып қалуы мүмкін", – деді Деревянченко.

Еске сала кетейік, Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен GGG – Деревянченко жекпе-жегі төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша – 115-112, 115-112, 114-113 отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша, Геннадий Головкин IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алды.

Аталған жекпе-жек бокссүйер қауым арасында біраз пікірталас тудырып, көбісі реванш болуын талап етті.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс бұл жекпе-жектегі боксшысының жұдырықтасуына көңілі толмағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel