Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жаңай мен Айқын ресейлік әншінің кешіне бірдей киініп келді (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының өкілдері Айқын Төлепберген мен Ғаділбек Жаңай да көпшіліктен қалыспай ресейлік жұлдыз Алексей Чумаковтың концертіне барып қайтты. Алайда танымал музыканттың ән кешінде кездескен отандық әншілер үстеріне киіп алған бірдей киімге қарап таңғалып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gadilbek_zhanay/aikyn
Фото: Instagram/gadilbek_zhanay/aikyn: Instagram

Шоу-бизнес жұлдыздары аталмыш шараға бірдей киініп келген болып шықты.

Бұл қызықты жайттан Айқын мен Ғаділбек те аң-таң болып қалған көрінеді.

Оған қос әншінің желідегі суреттері дәлел болмақ. Олар бірдей образда концертке келгенін күлкіге айналдырып, оқырмандарының көңілін көтерді.

Өнер иелері Instagram парақшаларында бірдей киіммен билеп жатқан видеосын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820924-resejlik-zldyzdy-kesine-gadilbek-zaaj-men-ajkyn-birdej-kiinip-keldi-foto/

pixel