RU
Головкин жекпе-жектерден шеттетілді
Жаңалықтар Қоғам

Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алған Геннадий Головкин уақытша жекпе-жектерден шеттетілді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

BoxRec.com сайтының ақпары бойынша, боксшының жекпе-жектерден шеттетілу мерзімі белгіленбеген.

Алайда бұл тек медициналық қажеттіліктен туындаған шешім – спортшыға ауыр жекпе-жектен кейін денсаулығын қалпына келтіру керек.

Сондай-ақ, жекпе-жекте қабағы жыртылған Сергей Деревянченконың да жұдырықтасудан шеттетілгені белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Головкиннің жекпе-жек кезінде жарақат алғаны хабарланды.

12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша отандасымыз жеңімпаз атанды.

Сіздің реакцияңыз
3
4
1
1
0
2
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel