Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық Анджелина Джоли қамауға алынды

Опубликовано:

Иранда Анджелина Джолидің "ерекше көшірмесі" -әлеуметтік желінің 22 жастағы жұлдызы Сахар Табар қамауға алынды деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен Анджелина Джолидің ирандық көшірмесі ретінде танымал болды.

Оның қорқынышты бет-бейнесі "Қалыңдық мәйіті" мультфильміндегі басты кейіпкерге көбірек ұқсайды. Ол атағын шығару үшін қорқынышты фотоларын жүктеуді тоқтапаған.

Көпшілік Сахарды 50 рет пластикалық ота жасатқан деп жорамалдады.

Оның Instagram парақшасындағы жазбаларына қатысты шағым түскен соң инста-модель Тегеранда сот шешімімен қамауға алынды.

Оған озбырлыққа айдап салу, заңсыз әдіс арқылы табыс табу және жастарды моральді азғындыққа итеру айыптары тағылған.

Әзірге оны қандай жаза күтіп тұрғаны белгісіз.

Сахар Табар бұған дейін өзінің қорқынышты фотоларының құпиясы пластикалық отада емес, макияж бен фотошопта екенін бірнеше рет айтқан.

Қыздың сөзінше, ол мұрнын түзетіп, ернін үлкейтіп, липосакция жасаған. Тіпті ол өзінің шын бет-бейнесін көрсетіпті.

"Бұл фотошоп пен макияж. Мен әрдайым бетіме қызықты етіп сурет саламын. Бұл өз болмысыңды көрсететін өнердің бір түрі. Жанкүйерлерім бұл менің шынайы жүзім емесін жақсы біледі", - дейді Сахар Табар.
Фото: life.ru
Фото: life.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820927-irandyk-andzelina-dzoli-kamauga-alyndy/

pixel