RU
Мейрамбек бастаған өнер жұлдыздары Сағынтаевпен бірге тауға шықты (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мейрамбек бастаған өнер жұлдыздары Сағынтаевпен бірге тауға шықты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мейрамбек Бесбаев пен бірқатар отандық жұлдыздар Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге тау баурайына барып, тал егіп қайтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһар басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Бесбаев Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Әли Оқапов сынды әріптестерімен бірге тау баурайына тал екті.

Аталмыш шараға өнер жұлдыздарымен бірге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысты.

"МузАрт" тобының мүшесі Instagram желісінде бұл игі бастама кезіндегі суреттерімен бөлісті.

"Сұлулығы талай әнге арқау болған Алматының баурайында бүгін тамаша шара өтті. Қазақта "бір тал кессең, он тал ек"- дейді. "Орман ек" Республикалық Эко-акциясы және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен "Jasyl Almaty" акциясы басталды.
Бүгін біз де аталмыш шараға сәйкес қала әкімі Бақытжан Әбдірұлымен бірге тау баурайына барып тал егіп қайттық. Ару қаламыз Алматыны аялайық. Туған жерге және табиғатқа қамқорлықпен қарау әр адамның парызы" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel