RU
Дүбірлетіп той жасаған жігіт қалыңдықты қарызға белшесінен батырды

Дүбірлетіп той жасаған жігіт қалыңдықты қарызға белшесінен батырды

Рассказать Вконтакте

Таиландта өзін қалталы азамат ретінде таныстырған ер адам дүбірлетіп той өткізіп, артынан жоғалып кеткен. Тойдың шығыны толығымен қалыңдықтың мойнына ілінді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Белгілі болғандай, 30 жастағы келіншек биылғы наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол өзін Гонконгтағы ірі компанияның директоры, қалталы азамат ретінде таныстырған. Бірнеше күннен кейін ер адам үйленуге ұсыныс жасапты.

Сәуір айында ресми түрде некеге отырған олар туыстары мен достарына Бурирам провинциясында өтетін үйлену той салтанатына шақырту таратты.

Үйлену тойы мамыр айында өткен. Салтанатты рәсімнің үстінде күйеу жігіт қонақтарға шұғыл түрде Гонконгке жол жүруі керек екенін айтып, қыздың жасауы ретінде берілген чекті алып кеткен. Содан бері одан хат-хабар жоқ.

Қалыңдықтың анасы тойға үш миллионнан астам бат жұмсалғанын мәлімдеген, алайда салтанатты шараның ұйымдастырушылары шығынды 300 мың батқа бағалап отыр.

Үйлену тойы өткен қонақ үй алданған келіншекке қарызды бөліп төлеуді ұсынған. Ал іс-шараның ұйымдастырушылары оны сотқа берді.

Келіншек заңгерлердің көмегіне жүгініп, ажырасуға өтініш берді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel