Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл не қылған креатив": Президент депутаттардың отырысын сынады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елорданы дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтіп жатыр. Президент іс-шара барысында мәслихат депутаттарының "біртүрлі" отырғанын байқады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті>>

Тоқаев Нұр-Сұлтанды дамытып, жаңа белестерге шығармақшы (фото)>>

Даулы, экономикалық түсініксіз жоба: Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ЛРТ туралы айтты>>

"Жиналыста адамдарды біртүрлі отырғызған екенсіңдер. Біз мұнда отырмыз, шақырылған атқарушылар, қалалық мәслихат депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл не қылған креатив?
Жиналыстарда қалыпты отырғызу тәртібі бар емес пе – аудитория, шағын президиум. Мүлде жөнсіз креатив. Ыңғайсыз, адамдар бір-біріне қарап отыр", – деп сынады мемлекет басшысы.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің залында қатысушылардың орны қабырға бойымен орналасқан. Президент, премьер-министр, әкім және министрлер үстел басына жайғастырылған.

Ал қалған қатысушылар залдың аяқ жағында, бір-біріне қарап отырғызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1820969-bl-ne-kylgan-kreativ-tokaev-zinalystagy-deputattardy-otyrysyn-synady/

pixel