RU
"Ақшасы болған соң сүйрейді": Қайрат Нұртастың казиноға құмар болғаны рас па?

"Ақшасы болған соң сүйрейді": Қайрат Нұртастың казиноға құмар болғаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың анасы оның казиноға әуестігі жөнінде бар шындықты айтты. Гүлзира Айдарбекова ел арасында отандық жұлдыздың құмар ойынды қуып кеткені жайлы қауесеттерге нүкте қойды деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Танымал продюсер жұлдызды ұлының казиноға құмар болғанына қатысты пікір білдіріп, Қайратты ондай жерлерге баруға кімдер итермелегенін айтты.

"Адам болған соң, барлық нәрсені көреді. Барлық нәрсенің дәмін татады. Ер адамдар тіптен ондайға жақын.

Ол енді ақшасы болып тұрғаннан кейін, анау сүйрейді, мынау сүйрейді. "Қайреке, жүрсеңізші, көрсеңізші" дегендер болды. Бірақ, Қайрат өмір-бақи казино ойнап жүрсе, біз мұндай жағдайда болмас едік.

Біз қарызға батып, басымыз айналып, не істейтінімізді білмей жүретін едік.

Құдайға шүкір, көмектесетін адамдарға көмектесіп, ойымыздағыдай жеп-ішіп, шетелде демалатын жерімізде демалып, киетінімізді киіп жүрміз. Осының барлығы Қайраттың еңбегінің арқасы ғой.

Ол ер азамат болған соң, барлығын көруге міндетті. Онда тұрған еш айып жоқ енді. Кіріп кеткен жоқ қой.

Бірақ, ол маған басын қатырып, сөзге еріп барғанын айтты. "Ақымақтық екен, баратын жер емес екен. Одан кейін мен басымды сұққан емеспін" деді" , - деп ағынан жарылды Гүлзира ханым.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты сынға алған Уәлибек Әбдірайымовқа жауап берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel