RU

"Жеңісті маған береді деп ойладым": Деревянченко жекпе-жек туралы ойын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегіне байланысты ойымен бөлісті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Үміттендім, төрешілер жеңісті маған береді деп ойладым", – дейді боксшы.

Сондай-ақ, ол Головкинге жойқын соққылар жасағанын, бірақ қазақстандық боксшының оларға төзе білгенін атап өтті.

"Менің барлық соққыларыма төзе білді. Себебі ол чемпион, тәжірибесі көп", – деп түйіндеді украиналық.

Еске сала кетейік, аталған кездесуден кейін екі боксшы да жекпе-жектерден уақытша шеттетілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Жеңісті маған береді деп ойладым": Деревянченко жекпе-жек туралы ойын айтты