RU
"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Елордада энергетика нысандары құрылысының уақытында аяқталмау проблемасы байқалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өтіп жатқан қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Құрылысы 2010 жылы басталған 3-Жылу электр стансасы осы жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бірақ, пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Демек, жоба тағы бір жылға шегерілмек. Енді жобалық-сметалық құжаты алдан шықты. Оны түзету қажет. Жоба 1,5 есе қымбаттады. Бұған қоса, сомасы аз емес – 40 млрд теңгеден асып жығылады", - деді Тоқаев.

Қазақстан президенті әкімдік мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаларды уақытында аяқтауы тиіс екенін ескертті.

Мемлекет басшысы қаланың энергетикалық жүйесін "Сарыарқа" газ құбырына қосуға дайын болмауы да проблема екендігін баса айтты.

"Бұл – мүлдем түсініксіз мәселе. Қалай орын алған? Осы жылға көзделген 2,7 млрд теңге басқа өңірлердің арасында қайта бөлінеді.
Оған қоса, біз ең бірінші кезекте, дәл осы елорданы газдандыру жайында ойлауымыз керек еді. Өйткені, қыста не орын алатынын жақсы білесіздер: қала түтінге оралып, ең алдымен, тұрғындардың, сондай-ақ дипломатиялық корпус алдында ыңғайсыздық туындайды", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel