RU
Шоқан Маратұлының жары әдемі отбасылық суретімен бөлісті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шоқан Маратұлының жары әдемі отбасылық суретімен бөлісті

Рассказать Вконтакте

"All Давай" тобының экс-мүшесі Шоқан Маратұлы мен оның жары Анеля Баталова алғаш рет қызын көрсетті. Ерлі-зайыптылар желіде ерекше отбасылық суретімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызының отбасымен түскен суретін келіншегі жариялаған.

Баталова аталмыш фотоны өзінің Instagram парақшасына жүктеп, оған махаббат туралы жазба қалдырған.

"Махаббат деген - бір адамның сен үшін әлемді жасауы емес, әлемді бірге құру" , - деп жазған ол.

Шоқан Маратұлының жанұялық суреті барша желі қолданушыларын сүйсінткен.

Көпшілік отбасылық мұрағатымен өте сирек бөлісетін жұптың бұл әрекетіне тәнті болып, олардан жиірек фото салып отыруларын сұраған.

Айта кетейік, Шоқан Маратұлы мен Анеля Баталова бүгінде екі бала тәрбилеп отыр. Ерлі-зайыптылардың қызынан басқа үлкен ұлы бар.

Ал танымал әнші бүгінде шоу-бизнес саласынан алшақтап кетті. Айтуынша, ол кәсіпкерлікке бет бұрған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel