RU
"Елорданың қожайыны жоқ": Мемлекет басшысы әкімдікке қатаң тапсырма берді

"Елорданың қожайыны жоқ": Мемлекет басшысы әкімдікке қатаң тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда "қожайын жоқ" екенін және оған тиісті күтім де жасалмағанын жеткізді. Президент "елордада жайлылық жоқ: тақтайшалар ұшып, асфальт жарылып, жасыл желектер жеткіліксіз болып тұр", - деп санайды. Осы орайда, ол әкімдікке "кеш болып қалмас үшін" көшелер мен ғимараттардың бірыңғай жобалық кодын әзірлеуді тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Даулы, экономикалық түсініксіз жоба: Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ЛРТ туралы айтты

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті>>

"Бұл не қылған креатив": Президент депутаттардың отырысын сынады>>

"Елордада қала құрылысының бірыңғай саясаты жоқ. Бұл бірқатар ауданда ретсіз, бейберекет құрылыстарға алып келеді. Көшелер мен ғимараттарды рәсімдеудің бірыңғай үйлесімді стилі жоқ. Сіздер елорданы көру үшін арнайы келген туристердің пікірлерін естіген де шығарсыздар. Толықтай алғанда, олар әрине, оң пікірлер. Бірақ, қалада эклектиканың да жоқтығын атап өтеді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұндай нысандарда жайлылық болмайды.

"Бір ғимарат бір стильде, екіншісі басқа стильде салынған. Ең бастысы, жайлылық жоқ. Плиталары ұшып, асфальт жарылып жатыр. Жасыл өскін аз. Жалпы, қаланы қадағалап, күтіп ұстамайтындай сезім қалыптасады. Қожайыны жоқ", - деді ол.

Мемлекет басшысы аудан әкімдеріне қатаң тапсырма берді.

"Алыстан сәулетті ғимарат жаман көрінбейді. Ал жақын келіп қарасаң, "шаршап" қалғаны көрініп тұрады. Қожайын керек. Ең алдымен, аудан әкімдері қожайын болуы тиіс.

Олар кабинетте отырмай жаяу жүріп, тұрғындарын, әрбір ғимараттың тыныс-тіршілігін, белгілі бір ғимаратта тұрып жатқан адамдардың өмірін білуі қажет. Кабинетте кешкі сағат 6-7-ден кейін қажетті құжаттарға қол қою үшін отыруға болады. Кеш болмай тұрғанда қала көшелері мен ғимараттарын рәсімдеудің бірыңғай дизайн-кодын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің әкімдікке қатаң тапсырмам", - деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel