RU
Ақтөбеде мектеп оқушылары діни кітаптар таратқан тегін лагерге барған

Ақтөбеде мектеп оқушылары діни кітаптар таратқан тегін лагерге барған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мектеп оқушылары діни кітап таратып, тегін шақыртулар жіберген лагерге барған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде мектеп оқушылары діни кітаптар таратқан тегін лагерге барған

Көрнекі фото: Pixabay

Бұл жағдай туралы мектеп басшылығы хабарсыз.

Ең сорақысы, оқушылардың анасы – жалғызбасты келіншек лагерьдің діни бірлестікке қатысы барынан бейхабар.

Жазғы демалыста тегін лагерь деген соң ол балаларын үйінің алдына келетін машинаға мінгізіп жіберетін болған. Лагерьдің соңғы күнінде балалар бір пакет қылып тегін таратылған кітапты үйлеріне әкеліпті.

Абырой болғанда, тыйым салынған кітаптарды әкесінің садақасына Құран бағыштауға келген имам байқап қалады.

Жағдайға бей-жай қарамаған дін қызметкері кітаптарды видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Аталмыш ролик zello.aktobe Instagram парақшасында пайда болды.

Желіге жүктелген хабарламада "Ақтөбедегі Сүт зауыты ауданында кішкентай балаларды тегін лагерь деп шақырып, белгісіз біреулер осындай кітаптар таратып жүр. Абай болыңдар", - деген ескерту қалдырған.

Маусым айында болған жағдайға қатысты тексеру жұмыстары енді жүруде. Полиция оқушыны тегін лагерьге шақырғандарға қатысты жедел анықтау шараларын бастаған.

"Аталған дерекке қатысы бар адамдарды жедел анықтау шаралары жүруде", – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Оқушылар білім алатын мектеп басшылығы мән-жайды енді білген.

Ақтөбе қаласындағы №71 мектеп инспекторлары мен психологтар оқушылармен жұмыс жасауда.

«Жалғызбасты келіншектің 2, 5, 6 сыныпқа баратын балалары бар. Барлығы да №71 мектептің оқушылары. 2019 жылдың маусым айында баланың анасы көшеде бейтаныс жандардың тегін лагерьге шақыру таратып жүргенін көріп, шақырту алған. 5 маусым күні үш баласын да сол лагерге жіберіпті.
«Нұр» лагерінің нақты мекенжайы белгісіз. Анасының айтуынша, лагерге балаларды үйінің қасынан машинамен алып кететін болған. Оқушылардың тәртібі, сабақ үлгерімі жақсы. Ешқандай есепте тіркелмеген», – дейді қалалық білім бөлімі.

Дін істері бойынша басқарманың басшысы Әлімбек Тұралиев Еуразия бірінші арнасына берген сұқбатында аталған кітаптардың нақты қай діни бірлестіктің тараптып отырғанын анықтайтынын жеткізді.

"Біз қазір осы әдебиетті қандай діни бірлестіктер тарататынын анықтаймыз. Білуімізше, бұл - баптистік ұйым. Бұл діни бірлестік 2012 жылы ресми түрде тіркелген. Осы факт бойынша тексеру жүргіземіз", - деп мәлімдеді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
7
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel