Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"14 бала терезеден құлады деген қалай": Тоқаев қайғылы оқиғаларға ата-аналар мен әкімдікті кінәлады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермейтін құрылыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін жасауды тапсырды. Президент мұндай қайғылы жағдайларға ата-аналар мен әкімдікті кінәлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тағы оқыңыздар:

Даулы, экономикалық түсініксіз жоба: Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ЛРТ туралы айтты>>

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті>>

"Бұл не қылған креатив": Президент депутаттардың отырысын сынады>>

"Осы жылдың басынан бастап терезе мен балконнан балалар құлаған 14 қайғылы жағдай болған. Мұндай трагедияның қайталануын болдырмау үшін барлық шараларды қолдануымыз керек.

Құрылыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін күшейту қажет деп санаймын. Әрине, біз ғимараттар салу үшін жағдайларды жеңілдетеміз, бірақ екінші жағынан, кейбір құрылысшылар мен кәсіпкерлер мұның бәрін теріс қолданады.

Әрине, үйлерге қатысты қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.

14 бала терезеден құлады деген қалай. Бұл оларға қамқорлық көрсететін ата-аналарының тікелей кінәсі, бірақ, ол әкімшіліктің де міндеті. Негізінде, сіздер бәрі үшін, қаланың әр тұрғыны үшін жауаптысыздар", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821013-14-bala-terezeden-klady-degen-kalaj-tokaev-kajgyly-okigalarga-ata-analar-men-kimdikti-kinlady/

pixel