Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Youth formula" Қызылордалық жастар кешінде көпбалалы отбасы баспаналы болды

Опубликовано:

5 қазан күні Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар «YOUTH FORMULA» - жастық шақтың формуласын сезін!» мерекелік шарасымен жалғасты.

Мерекелік шара балабақшалардың, ерікті жастардың, қоғам белсенділерінің, этномәдени ұйымдардың, өңір спортшыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен "Достық үйінен" ЖАСТАР КАРНАВАЛЫМЕН бастау алды.

«YOUTH FORMULA» Қызылордалық жастар кешінде көпбалалы отбасы баспаналы болды
Фото: Акимат города Кызылорды: Facebook

Жиналған қауым түрліше өрнектелген балалар қоларбалар көрмесін таныстырып, ертегі кейіпкерлерінің және дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, түрлі аспапта ойнау арқылы Жанды арбат бойын мерекеге бөледі.

Жалпы 100-ден аса қатысушыны қамтыған ЖАСТАР КАРНАВАЛЫ қала тұрғындарын қызықты мәдени көпшілік шаралар орталығына апарды.

Орталық алаңда асық ату, "Workout" спорттық сайыстары, жас отбасылар арасында "ТОЛАҒАЙ" спорттық сайысы, тіпті гаджет ойындарынан бас тартып, қарапайым достыққа баулитын «Біз де бала болғанбыз» атты ескіден қалған аула ойындарына қатысуға ниет білдіруші қала тұрғындары арасында сайыс өтті. Сайыста жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағам түрі бауырсақтан дәм татты.

«YOUTH FORMULA» Қызылордалық жастар кешінде көпбалалы отбасы баспаналы болды
Фото: Акимат города Кызылорды: Facebook

Шара одан әрі, «LIVE ARBAT» жастар концертімен жалғасып, студенттердің бірі ән шырқаса, бірі түрлі аспаптарда ойнап Орталық алаңды ерекше реңге бөледі.

Сонымен қатар, шараға арнайы қала әкімінің орынбасары Нуриддинов Бектас Балғабайұлы мен «Абзал и К» ТС директоры Ералиев Мағжан Абзалұлы арнайы қатысып, көпбалалы отбасыны қуанышқа бөлеген тосын сый жасады.

«Абзал и К» ТС қалалық әкімдік пен "Атамекен" ҰКП қолдауымен жүзеге асып жатқан «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында үш бөлмелі пәтер кілтін көпбалалы отбасыға табыстады.

«YOUTH FORMULA» Қызылордалық жастар кешінде көпбалалы отбасы баспаналы болды
Фото: Акимат города Кызылорды: Facebook

Бақытқа бөленген отбасының үлкені, 5 немеренің әжесі демеушілік көрсеткен кәсіпкер «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Абзалұлына жомарттықтың шынайы үлгісін көрсетіп, күтпеген сый жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Кәсіпкердің бұл отбасыны таңдауына түрткі болған жас маман ретінде Нұрболат жұбайы Ботагөзбен бірге мектеп жасындағы екі ұл және үш жасар үшем-Хадиша, Райяна және Айшаны тәрбиелеп, жалдамалы пәтерде тұруына қарамастан көпбалалы отбасының тіреуіші бола білгендігі.

Жастардың арасында жомарттықтың орасан үлгісімен есте қалған бұл сәт, одан әрі қаламызға танымал диджейлердің қатысуымен би кешіне ұласты.

«YOUTH FORMULA» Қызылордалық жастар кешінде көпбалалы отбасы баспаналы болды
Фото: Акимат города Кызылорды: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821033-youth-formula-kyzylordalyk-zastar-kesinde-kpbalaly-otbasy-baspanaly-boldy/

pixel