RU

Тоқаев астанадағы масалармен күрес жұмысын сынға алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімдігінің масалармен күрес жұмысын уақытылы жүргізбегенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Тағы оқыңыздар:

"Бұл не қылған креатив": Президент депутаттардың отырысын сынады>>

Даулы, экономикалық түсініксіз жоба: Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ЛРТ туралы айтты>>

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті>>

"Масалар жаз бойы астана тұрғындары мен қонақтарына жайсыздық тудырды. Тіпті, бұл жөнінде айтудың өзі ыңғайсыз. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл бағытта жоспарлы жұмыс жасау қажет", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қан сорғыш жәндіктермен күресуге 395 млн теңге бөлінген. Алайда, қала басшылығы бұл қаражаттың тек 65 пайызын игерген.

"Жұмыстар дұрыс үйлестірілмеген, уақытылы жүргізілмеген. Бұл мәселенің қыр-сыры жақсы белгілі. Бірақ, мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын түсінбеймін. Басқарушылар мен менеджерлер қайда қарап жүр?", – деп сынға алды мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821042-tokaev-astanadagy-masalarmen-kres-zmysyn-synga-aldy.html