RU
Атышулы қалаулымдық ару жақында ана атанбақ (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы қалаулымдық ару жақында ана атанбақ (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қалың көпшілікке "Қалаулым" жобасы арқылы танылған Камила Әділхан жақын арада сәбилі болмақ. Қуанышты жаңалығымен желі жұлдызы өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы жобаның арқасында табысқан жұп ата-ана болатынын біраз уақыт жасырып келген. Камила елдің сөзі өзіне және сәбиіне кері әсер етеді деп ойлап, бұл жаңалығын құпия сақтағысы келгенін айтты.

"Асқар тауымызбен таныстыратын уақыт келген сияқты! Негізі басынан бөлісемін деп ойлағамын. Бірақ, кішкентай балапанымды 5-6 айлық деп айтып, даттап жатқаннан кейін уақыт емес деп ойладық. Себебі мен ол сөздерге дайын емес болдым. Көңілге алып қала беретін кезенғой! Аллаға шүкір 5-6 айға да жетеміз. Тфай - тфай деп қойыңыздар ! Және бақыт тілеп қойыңыздаршы" , - деп жазды болашақ ана.

Оған қоса, жас жұбайлар бірнеше күн бұрын ғана болашақ нәрестелерінің жынысын білді. Оның өзін Камила арнайы шара қылып ұйымдастырған. Ерлі-зайыптылар арнайы жасалған шарды жарғанда сәбилерінің қыз болатынын анықтаған.

Сіздің реакцияңыз
13
2
3
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel