RU
Тоқаев: Шетелдіктер алдау құрбаны болады - бұл қала имиджіне кері әсерін тигізеді

Тоқаев: Шетелдіктер алдау құрбаны болады - бұл қала имиджіне кері әсерін тигізеді

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімдігіне шетелдіктер үшін ағылшын тілінде мемлекеттік қызмет көрсетулерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Себебі, елордада делдалдардың оларды жиі алдауы - қала имиджіне кері әсер етеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Нұр-Сұлтанның халықаралық орталық ретінде даму керек екенін атап өтті. Сол себепті, елордада қызмет көрсетулер ағылшын тілінде де қолжетімді болуы тиіс.

"Барлық қызмет көрсетулерді ағылшын тілінде қамтамасыз ету керек. Бүгінде мемлекеттік қызмет станадарттары ағылшын тіліне қолжетімділікті қарастырмайды. Нәтижесінде шетелдіктер делдал жалдауға мәжбүр болып, алдау мен біліксіз қызметтің құрбаны болады. Бұл біздің қала имиджіне халықаралық масштабта кері әсерін тигізеді", - деді Тоқаев елорданы дамытуға байланысты отырыста.

Ол Нұр-Сұлтандағы қауесеттер әлем бойынша тез арада әлемге тарап кететін де айтты.

"Шетелдік инвесторлар мен сарапшыларға тек бір терезе принципі арқылы-ағылшын тілінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету керек. Әкімдік АХҚО пайдалану орталығының ресурстары мен тәжірибесін іске қосу керек", - деп тапсырды президент.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel