Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер үшін өтпе жолдарды арттыруды жүктеді

Опубликовано:

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жолдардың санын арттыру қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Елорда тұрғындарының төрттен бірі қоғамдық көліктің бағдар кестесіне көңілдері толмайтындығын білдіреді. Себебі, көптеген бұралаң бағдарлар жолға кететін уақытты ұзартып жібереді. Сонымен қатар елордалықтар салондардың тарлығы мен лық толы болатындығын атап өтеді.

Автобус бағдарларының жүктемесі мен сұранысына сараптама жасау, жүктемесі ең көбін анықтау және әсіресе қауырт уақытта оларды қосымша автобустармен күшейту қажет", - деді президент.

Мемлекет басшысы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де айырықша назар аударды.

Оның сөзінше, қаланың көптеген ауданында абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолағы мен өтпесі жоқ.

"Бұл, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулықтарына қатер тудырады. Шындығында машиналар жүріп жатады және адамдар көшені қиып өте алмайды. Жолдан жүгіріп өтіп, жол қозғалысы ережесін бұзуға мәжбүр болады. Сол арқылы өзіне де, жүргізушіге де тәуекел тудырады.

Барлық өркениетті қалаларда жаяу жүргіншілерге арналған өтпелер бар. Сіздер жүргізушілер үшін жағдай жасап, қала тұрғындарының қажеттігіне қамқорлық танытпай отырсыздар. Міне, сондықтан олар жолдан жүгіріп өтеді. Сіздер осындай дұрыс жобалармен айналысып, көпірлер, өтпелер салыңыздар. Жаһанданумен әуестенудің қажеті жоқ", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821050-tokaev-nr-sltanda-zaau-zrginsiler-sin-tpe-zoldardy-arttyrudy-zktedi/

pixel