RU
"Кез келген адам жайлы мәлімет шығады": Тоқаев Нұр-Сұлтанды цифрландыруды көздеп отыр

"Кез келген адам жайлы мәлімет шығады": Тоқаев Нұр-Сұлтанды цифрландыруды көздеп отыр

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда цифрландыруды, Қытай еліндегідей "экранды бассаң, адамның барлық жеке мәліметтері шығатын" бейнебақылау жүйесін орнатуды тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Президент елорданы жай емес, "терең цифрландыру" керек екенін айтты. Бұл әкімдік пен үкіметке берілген тапсырма болды.

"Жақында біз Қытайда қытайлық компанияға барып қайттық. Олар, негізінен біздің үкіметпен және қала әкімдіктерімен серіктес.
Олардың техникасы алға жылжып кеткен - негізгі қалаларын цифрландырған. Олар өте терең цифрландырған, қазір оның қаншалықты терең екенін түсіндірмей-ақ қояйын.
Экранды бассаң, кез келген адам жайлы мәлімет шығады. Қай университетті тәмамдаған, бос уақытында қайда барады, қандай несиесі бар деген сияқты. Бізге осы бағытта жүру керек. Бұл әлем тенденциясы", - деді Тоқаев.

Ол бұл міндеттерді цифрландыруға жауап беретін министрлерге, үкіметке және Нұр-Сұлтан басшылығына қойды.

Елордада бақылау үшін "Сергек" камераларын қолдануға болады. Президент қазір оларды пайдалануда басты назар тек жүргізушілерден айыппұл алуға бағытталғанын мәлімдеді. Сондықтан, "Сергек" толық қолданылып жатқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel