2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Тоқаев Еуропалық комиссия президентін туған күнімен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенге құттықтау жеделхатын жолдады деп жазады Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның сайланған президенті Урсула фон дер Ляйенді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Жеделхатта Еуропалық Одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен өзінің іргетасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, халықаралық аренадағы мерейін арттыру жолында биік белестерді бағындырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігін білдірген.

"Қазіргі таңда өңірдің тұрақты ілгерілеуі мен өркендеуі үшін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы неғұрлым берік байланыстардың жаңа дәуіріне жол ашуда.
Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазды Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Еуропалық комиссия президентін туған күнімен құттықтады