RU
Испанияда жаттығатын, әлемнің алты тілін білетін қазақ баласы кім
Жаңалықтар Қоғам

Испанияда жаттығатын, әлемнің алты тілін білетін қазақ баласы кім

Рассказать Вконтакте

8 жасынан футболмен айналысып, арман қуып Испанияның Барселона қаласынан бір-ақ шыққан Даниял Өскенбай қазақ футболын қайтсем де дамытамын дейді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол Испаниядағы оқу-жаттығулары туралы да әңгімелеп берді.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

-Даниял, алдымен өзің жайлы оқырмандарға айтып берсең? Қай жақтан боласың? Нешедесің? Үйіңде неше ағайындысыңдар? Ата-анаң немен айналысады?

Менің атым Даниал. Мен Түркістаннан боламын. Жасым 15-те. Біз үйде 4 ағайындымыз. Мен ең үлкенімін. Әкем экономист, ал анам химия пәнінің мұғалімі.

- Білуімізше жас футболшысың, бұл cпортқа қалай келдің? Жалпы Барселонада тәлім алып жатқаныңды да білеміз... Ол жаққа қалай бардың?

Футболды 8 жасымнан ойнап бастадым. Алматыда алғаш рет Арман Саясиұлы деген жаттықтырушыммен жаттықтым. Алғашқы ойынынымды жергілікті "Достар" командасында бастадым. Осы жаққа келіп, өз өнерімді көрсетіп, сонда Испанияда қалып қойдым. Қазір мұнда келгеніме 3 жылдай уақыт болды.

- Қазақтың жас балаларының арасында әйгілі Барселонаға аттанған бірден бір жас талантсың... Ол жақтағы жаттығу қалай? Біздікінен айырмашылық бар ма?

Бәрі солай ойлайды, мүмкін солай да шығар. Бірақ мен осы жаққа келуімнің арқасында көп жұмыс істеп, үлкен тәжірибе жинап жатырмын. Ал жаттығуларға келсем, бұл жердегі жаттығулар да Қазақстандағыдай.

- Барселона халқы қалай? Испанияға тез үйрендің бе?

Барселона халқы өте ашық, мейірімді тұрғындар. Осы жерге тез үйрендім. Бұл жақта ең маңыздысы – тіл білу.

- Өзің қазір бірнеше тілді меңгергенсің ғой?

Иә, мен қазір 6 тіл білемін: қазақ, орыс, түрік, ағылшын, испан және каталондық тіл.

- Әйгілі Месси, Суарестермен кездеспедің бе?

Жоқ, бірақ оларды қайдан көру керек екенін білемін. Тіпті тұратын үйлерін де көргенмін.

- Қазақстанда футболға көп сын айтылады? Жалпы қазақ футболы қашан дамиды деп ойлайсың? Өзің сияқты жас буын оның дамуына қалай үлес қоспақ?

Көп сынайды білмеймін. Білмеймін, мүмкін 10 жылдан соң біз Европа деңгейіне жетеміз деп ойлаймын. Қазір біздің елде FFFA атты команда бар, сол секілді команда жасап шетелге балаларды ойнатуға апару керек деп ойлаймын.

- Қай футбол клубы мен кімнің жанкүйерісіз? Футболдағы кумиріңіз кім?

Барселона клубының жанкүйерімін. Ең сүйікті ойыншым – Хави. Болашақта солар сияқты футбол жұлдызы болып, алдыға қойған мақсаттырыма жетіп, Қазақстанның атын шығаратын футболист болсам деймін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel