RU
Ресейлік танымал әншінің концертінен кейін 10 адам билеттің ақшасын қайтаруды талап етті

Ресейлік танымал әншінің концертінен кейін 10 адам билеттің ақшасын қайтаруды талап етті

Рассказать Вконтакте

Ресей эстрадасының жұлдызы Алексей Чумаков Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жеке концертін берді. Әртістің елордада өткен кешінен кейін он адам шу шығарды. Олар Чумаковтан билеттің ақшасын қайтаруды талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Чумаковтың Нұр-Сұлтандағы жеке кеші 3 қазанда өтті.

Әншінің концертінен соң ең қымбат билеттерді сатып алған жанкүйерлердің шу шығарғаны белгілі болды. Олар кеш басталып, 40 минут өткен соң, артқы қатардағы адамдар сахна маңына жиналып алғанын жеткізген.

Алексей Чумаков сахна жанында билеген адамдардың кесірінен концертті дұрыс тамашалай алмаған тыңдармандарынан кешірім сұрады.

Ол мұндай залда фан-зона құру мүмкін емес екенін түсіндірді.

"Концертті алдыңғы қатардан көргіңіз келетінін түсінемін. Сол үшін ақша төлейсіздер. Бірақ мен бізге барынша жақын болуды қалаған мыңдаған адамға тосқауыл бола алмаймын.
Мен әр көрерменіме көңіл бөлгім келеді, Құдай куә. Алайда бәрінің көңілін табу мүмкін емес. 10 адам сахнаны көре алмағаны үшін шоудан кейін билетін тапсырды. Мен оларды түсінемін. Ақшасын қайтарып бердім", - деді ресейлік әнші.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel