RU
Таразда балалар үйінің тәрбиешісі балаларға қатыгездік көрсетті деп күдіктелуде

Таразда балалар үйінің тәрбиешісі балаларға қатыгездік көрсетті деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облыстық полиция департаменті Тараздағы "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты тәрбиешінің қатыгездік іс-әрекеттерін көрсеткені бейнеленген видеоға қатысты ақпарат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Facebook желісінде әйел адамның "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездік іс-әрекетін көрсететін видео жариялаған болатын.

Осыған байланысты құзырлы орган шұғыл шара қабылдап, жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев аталған балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын жеткізді.

Ол тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынғанын алға тартты.

Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалғаны да белгілі болды.

Департамент басшысы оқиғаға қатысты барлық жағдай өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel