RU
Көлгінов Тоқаевтың LRT құрылысына қатысты айтылған сынына жауап берді

Көлгінов Тоқаевтың LRT құрылысына қатысты айтылған сынына жауап берді

Рассказать Вконтакте

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT мәселесі бойынша сынына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер үшін өтпе жолдарды арттыруды жүктеді>>>

Тоқаев: Шетелдіктер алдау құрбаны болады - бұл қала имиджіне кері әсерін тигізеді>>>

"Мақтаныштың белгісі емес": Тоқаев елорда халқының санына тоқталды>>>

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов қалалық әкімдікте өткен елорданы дамыту мәселелеріне арналған мәжілістен кейін журналистерге айтып берді.

Ол LRT-ның құрылысының алғашқыда құны өте қымбат және күрделі жоба болғанын, президенттің тапсырмасынан кейін жобаға түзетулер енгізілгенін түсіндіріп берді.

"О баста барлық сарапшылармен (жобадан бас тарту туралы) ойладық. Бұл жобаны тоқтатуға мүмкіндік бермеген біріншіден, халықаралық міндеттемелер бар. К елісімшартқа қол қойылып кеткен, ол жерде (бас тартқан жағдайда) арбитраж қарастырылған. Арбитраж дегеніміз - мемлекеттің міндеттемелері. Одан бас тартатын болсақ, салдары өте ауыр болмақ.
Сондықтан шығындарды оңтайландыру жолымен жүріп, Қытай даму банкінің қарызынан бас тарттық. Бұл қарыздық қызмет көрсету нәтижесінде біз үстінен 800 миллион берер едік. Сондықтан да бұдан бас тарттық", - деді Күлгінов.

Екіншіден, келісімшартта мердігердің тарапынан қосымша құн салығын (ҚҚС - Т.Т.) төлеу көрсетілмеген. Мердігеріміз – шетелдік әріптесіміз. Сол себептен қосымша келісімшарт жасадық. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат түседі.

Үшіншіден, станциялардың көптігіне қатысты сын айтылды. Бастапқыдағы 18 станцияның санын 11-ге дейін қысқарттық. Сонымен қатар, жеңіл рельсті пойыздың станциялар арасына қатынауы 3 минут деп жазылған. Біз мамандармен кеңесіп, бұл аралықты 10 минутқа ұзарттық. Өйткені, бұл келешектің жобасы болғандықтан халық санының өсуін есепке алдық. 7 жеңіл рельс құрамын азайттық. Осылардың нәтижесінде барлығы 1 млрд 350 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel