RU
Күйеуі бұрынғы әйеліне кетіп қалған жүкті келіншек шарасыз халге түсті
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі бұрынғы әйеліне кетіп қалған жүкті келіншек шарасыз халге түсті

Рассказать Вконтакте

Үш жыл отасқан күйеуінің өзін тастап, бірінші отбасына кетіп қалғанын айтқан аяғы ауыр келіншек көптен көмек сұрады. Жұбайының бұрынғы әйелімен жақын құрбыдай араласып кеткен кейіпкер енді сан соғып қалғанын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өзінің жан-жарасын келіншек astana_forum парақшасында ақтарған.

"Тұрмыс құрғаныма 3 жылдан астам уақыт өтті. Бұл екеуміздің екінші шаңырағымыз болып отыр. Менде бірінші күйеуімнен бір ұлым бар, күйеуімднің бұрынғы әйелінен бір ұл, бір қызы бар.

Танысқан кезімізде, ол бұрынғы әйелімен араласпайтын еді. Бірақ балаларын қатты сағынатын. Сол себепті менің ұлымды да өз баласындай қабылдаған болатын.

Мен балаларға обал болады деп, оның бұрынғы әйелі және балаларымен жақын араласа бастадым. Бұрынғы әйелімен тіпті құрбыдай араласып кеттік десем, артық айтпаспын.
Оның бұрынғы әйелінен балаларын жазғы демалысқа өзімізбен бірге әкетуге рұқсат алдық. Бәрі ойдағыдай өтті. Менің де ұлым, оның да балалары бір-бірімен жақын араласып кетті", - деп әңгімесін бастаған келіншек.

Жүкті әйелдің айтуынша, қыркүйек айында бұрынғы әйелі күйеуіне хабарласып, балаларды мектепке киіндіру керектігін айтқан. Осылайша оны өз үйіне шақыртқан.

"Соларға барғысы келмесе де, мен күйеуімді көндіріп, балаларына жібердім. Ол үш күндей сонда болатынын айтты. Ал бір аптадан кейін хабарласып: "Ажырасамыз" деді.

"Аяғым ауыр, бес айлық сәбиіміз не болады?" дегеніме екі бала, менің іштегі бір баламнан маңыздырақ екенін айтты. Былайша айтқанда менің баламды кісі демеді. Енді міне бір айдан астам уақыт бойы хабар жоқ. Не істерімді білмеймін. Ақыл-кеңестеріңіз болса, айта отырсаңыздар", - деп көптен кеңес сұраған ол.
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
11
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel