Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық полицей кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Павлодарлық полицей, аға лейтенат Нұрсұлтан Хасанов Анапада кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Турнирде 27 мемлекеттің спортшылары бақ сынаған деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Нұрсұлтан Хасанов
Фото: Нұрсұлтан Хасанов: Facebook
"Маған қойылған міндет оңай болған жоқ. Ойым 100% жүзеге асты. Ақтық сында жақсы дайындықпен келген ирактық кикбоксёрмен кездестім. Соған қарамастан, мен бұл кездесуді және турнирде жеңіске жеттім", - деді павлодарлық полицей.

Хасанов Әлем кубогында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

"Ресей құрамасынан бөлек, Түркияның, Өзбекстан мен Ирактың көрсеткен өнерлері ұнады. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мен Қазақстанның туы көкке көтерілгеніне қуаныштымын", - деді ол.
Фото: pavon.kz
Фото: pavon.kz: Facebook

Мықты қарсыластарға қарсы өткен кездесуде павлодарлық полицей асқан шеберлікпен, спорттық мінезбен кезекті рет өз титулын сақтап қалды.

"Нұрсұлтан 12 жасынан бастап спорттық секцияларға қатысқан. Екібастұздағы орта мектепті бітірген соң Павлодар педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетіне түсті", - деді полиция департаментінде.
Фото: Нұрсұлтан Хасанов
Фото: Нұрсұлтан Хасанов: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821101-pavlodarlyk-policej-kikboksingten-lem-cempiony-atandy/

pixel