RU
Ақтөбеде 17 жастағы аруды төрт қыз жабылып ұрып, тонап кеткен

Ақтөбеде 17 жастағы аруды төрт қыз жабылып ұрып, тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 17 жастағы қызға жабылған бойжеткендер студенттің киімін шешіп, телефонын тартып алған және ақша бопсалаған. Қыздар төбелесі қала іргесіндегі Заречный аумағында болған. Жәбірленуші ауруханаға түсті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 17 жастағы қызды төрт қыз жабылып ұрып, тонап кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

«Юрта» мейрамханасының жанында шаштасқан қыздардан қазір полиция жауап алып жатыр.

«Полици яның кезекші бөліміне келіп түскен хабарлама бойынша 17 жасар студент қызды төрт қыз қорқытып, күш қолданып, «Samsung J6» маркалы ұялы телефонын және күртешесін ашық түрде тартып алған.

Күдіктілер жәбірленушіге дене жарақатын салып, мүліктік шығын келтірген. Күдіктілер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Осы дерек бойынша, қазіргі кезде ҚР Қылмыстық Кодексінің 194 бабының 2 бөлігі 1 тармағымен сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ПД.

Жәбірленуші Бәйішев жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенті болып шықты.

«3 қазан күні кешкілік уақытта бұл жағдай бізге хабарланды. Білім алушы балалар ауруханасына түсті.

Ата-анасымен хабарласып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Баланың тәртібі, сабаққа қатысымы жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.

Бізге 9 сынып бітіріп келді. Қазір 3 курс студенті, кәмелеттік жасқа толмаған», - Бәйішев жоғары медициналық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орындасары Динара Исламқызы.
Сіздің реакцияңыз
9
0
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel