RU
"Басшылық лауазымда ерлер көп": Назарбаева әйелдерге қатысты ұсыныс жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Басшылық лауазымда ерлер көп": Назарбаева әйелдерге қатысты ұсыныс жасады

Рассказать Вконтакте

Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында ол Қазақстанда басшылық лауазымға әйелдерді көбірек алу қажеттігін атап өтті деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Басшылық лауазымда ерлер көп": Назарбаева әйелдерге қатысты ұсыныс жасады

Дариға Назарбаева. Фото: NUR.KZ

Назарбаева кездесу кезінде мемлекеттік басқару мен еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге назар аударған.

Оның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамын әйелдер екеніне қарамастан, олар мемлекеттік құрылымдарда аз.

"Мемлекеттік органдар немесе компаниялардың басшыларымен қоса, көптеген жұмыс беруші басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алатыны құпия емес. Бұл жағдайды республикалық та, аймақтық деңгейде де өзгерту керек", - деді Назарбаева.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel