Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей хоккейшілері ойын барысында төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

Өскемендік "Алтай" ХК мен Новосібірдегі "Сибирский снайпер" арасында жаппай төбелес болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Видео YouTube-арнасында пайда болды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қазақстандық және ресейлік хоккейшілер арасындағы төбелес Жастар хоккей лигасының (ЖХЛ) матчында орын алды.

Барлығы "Алтайдың" матч аяқталар кезде 2:1 есебімен алда келе жатқан уақытында қазақстандық Никита Волосенков пен ресейлік Никита Ефремовтың қақтығысынан басталды.

Төрешілер тәртіп бұзушыларға жаза тағайындап жатқанша, төбелеске қалған хоккейшілер қосылды.

Матчтың комментаторы болған жайтты "мұз айдыны төбелесі" деп атады

Нәтижесінде, "Алтай" ойыншылары 134 минут айыппұл алып, алаң иелеріне 124 минутқа айыппұл салынды.

Айта кетейік, бүгін, 9 қазанда командалар қайта кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821140-kazakstan-men-resej-hokkejsileri-tbelesti-video/

pixel