Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы балалар үйінде бүлдіршінді аяусыз сілкілеген тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

Опубликовано:

Таразда ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы аяғынан ұстап салбыратып, аяусыз сілкелеген тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадрлар: КТК
Видеодан кадрлар: КТК: Facebook

Желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен видеодан тәрбиешінің жылаған баланың аяғынан көтеріп, басын жерге салбыратып, аяусыз сілкілегенін көруге болады.

30 жылдың өтілі бар қызметкердің қоғамда үлкен дау тудырған әрекеті тек халықты емес, денсаулық сақтау басқармасын да дүрліктіруде. Қазір тәрбиешіге қатысты тексеріс басталды, қорытындысы жуырда жарияланады. Ал балаға қол жұмсаған тәрбиеші осыған дейін теріс қылық көрсетпепті.

"Қазір ол кісі жұмыстан шеттетілді. Тергеу амалдары біткеннен кейін шешім қабылданады. Біздің тараптан тексеріс нәтижесінде обьективті және әділетті шешім қабылданатын болады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов.

Ал полицейлер мекеменің барлық бейнебақылау камераларын шешіп алды. Олар енді жазбаларды мұқият тексермек. Сот алды тергеу жұмыстары басталды.

"Қозғалған қылмыстық істің шеңберінде айтайын. 140 бап. Ол кәмлетке толмағандармен тәрбие жұмысын дұрыс деңгейде атқармау. Бұның жауапкершілігі үш айға дейін бас бостантықтан айыру және 3 жылға дейін лауазымды қызметті атқармау",-деді Жамбыл облыстық ПД басқармасының бастығы Мақсат Ережепов.

Тәрбиешіден теперіш көрген – үш жастағы ұл бала. Оның денесіне еш зақым келмеген дейді дәрігерлер. Ал өзінің немересіндей бүлдіршінге қаталдық танытқан тәрбиешінің жасы 54-те.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821143-tarazdagy-balalar-jinde-bldirsindi-aausyz-silkilegen-trbiesi-zmystan-settetildi/

pixel