RU
Шымкентте төрт айлық нәресте шеге жұтып қойған

Шымкентте төрт айлық бала шеге жұтып қойған

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында дәрігерлер шеге жұтып қойған төрт айлық баланың өмірін құтқарып қалды. Нәрестенің асқазан-ішек жолындағы бөгде затты мамандар кездейсоқ анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Сәбилерінің шеге жұтып қойғандығын ата-анасы білмеген. Олар буын ауруына шағымданған бөпесін  Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына алып келген.

Ақ халаттылар рентген диагностикасы кезінде төрт айлық баланың асқазанындағы бөгде затты кездейсоқ анықтаған.

Ауруханадағы ортопед мамандар​ ұршықтың рентгені​ кезінде асқазан ішек жолындағы темір затты кездейсоқ анықтау нәтижесінде шұғыл түрде отаға дайындалған. Өйткені дәрігерлердің айтуынша, балаға​ ішек жолының тесілу қаупі​ төнген.

"Операция кезінде хирургтар лапароскопиялық тәсілмен және электронды оптикалық рентген аппаратымен шегенің орналасқан аумағын айқындап,​ асқазан тұсындағы бөгде затты хирургиялық жолмен алып шыққан. Жабық​ түрде жасалған отадан кейін баланың жағдайы жақсарып, балалар ауруханасында бір аптаға жуық​ ем қабылдап шықты", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Күрделі отаны Шымкент қалалық балалар ауруханасының​ білікті дәрігерлері Сұлтанғали Сарыбай, Амантаев Жақсылық, Құрманалиев Асанбай жасаған.

Темір шеге жұтып қойған төрт айлық баланың отадан соң жағдайы жақсарып аман-есен анасымен үйіне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel