RU
Танымал әлемдік бренд тарихында алғаш рет артық салмақтағы аруды жұмысқа шақырды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал әлемдік бренд тарихында алғаш рет артық салмақтағы аруды жұмысқа шақырды

Рассказать Вконтакте

Атақты Victoria's Secret компаниясы өз тарихында бірінші рет жарнамалық ролигіне салмағы ауыр сәнқойды түсірді деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cән әлемінде Эли Тейт Катлер есімді америкалық ару ерекше орын қалдырды.

Ол күтпеген жерден атақты Victoria's Secret компаниясының сәнқойы атанды.

Осыған дейін іш-киім бренді тек ұзын, арық қыздарды жарнамалық роликке түсіретін.

Көпшіліктің осы сынына жауап ретінде Victoria's Secret компаниясы 14 өлшемді киім киетін Эли Тейтті жұмысқа шақырды.

Эли брендтің алғашқы плюс-сайз сәнқойы атанды.

Оның дене бітімі ерекше. Сәнқойдың киім өлшемі америкалық әйелдерге тән. Эли Эшли Грэм толық емес, бірақ оны арық деп те айта алмайсыз.

Дүкендерде осындай дене пішіндегі қыздар үшін іш киім табу қиындық соқтырады. Ал Эли осы олқылықты жоюға тырысатынын білдірген.

Қазіргі уақытта сәнқой әлеуметтік желіде блог жүргізеді. Оның парақшасына 125 мыңға жуық оқырман тіркелген.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel