Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың жары қайын атасын туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова қайын атасын жаңа жасымен құттықтап, оған өз атынан жантебірентерлік жазба арнады. Жұлдызды жанұяның келіні Нұртас Айдарбековке арналған ізгі тілегін Instagram парақшасында білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайын атасын аса ерекше құттықтаған Қайрат Нұртастың әйелі желідегілердің жүрегін елжіретті.

"Баламның табанына кірген тікен маңдайыма кірсін" дейтін шаңырағымыздың тірегі, папа, туған күніңіз құтты болсын! Осы күнге жеткеніміз әуелі Алланың қалауы, содан соң сіздердің ақ адал маңдай теріңіз. Жүрегіңіз мәңгі жас болып, арамызда несібеге малынып аман-есен жүре беріңіз! Алам деген асуыңыз аяғыңыздың астынан табылсын! Тәлім-тәрбиеңіз бен қамқорлығыңызға шексіз алғыс айтамыз" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова немересінің бір жасқа толуын дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821153-kajrat-nrtasty-zary-kajyn-atasyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady/

pixel