RU
Танымал әзілкеш Италияда "өте бай қазақтардың" алдында қалай өнер көрсеткенін айтты

Танымал әзілкеш Италияда "өте бай қазақтардың" алдында қалай өнер көрсеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық стендап жұлдызы Нұрлан Сабуров бір кездері Италияда "өте бай қазақтардың" алдында өнер көрсеткенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бұл туралы ол Youtube-арнасындағы Дудь сұхбатында айтып берді.

Сабуров өзінің жеке өнер көрсетуі 5 мың доллардан асатынын атап өтті.

"Италиядағы Комо көлінде өнер көрсеттім. Шамасы, өте бай қазақтардың алдында өнер көрсеткенмін. "Мен осында өнерімді көрсетемін бе?" деп сол сәтте есеңгіреп қалдым. Құдайға шүкір, бәрі жақсы қабылдап, әзілдерім өтті. Бірақ түсініксіз сезімде болдым", - деді ол.

Сабуров "тапсырыс берушілерге" айтарлықтай қызығушылық танытпайтынын баса айтты. Ол өзі үшін ең бастысы ақша табу екенін растады.

"Қылмыскерлер мен бандиттердің алдында өнер көрсеткенім жоқ. Өз уақытында ақшаны үйіп жинап алған адамдардың алдында өнер көрсеткен сияқтымын. Олардың ақшаны адал еңбекпен тапқан-таппағаны маған маңызды емес. Бірақ енді бұл туралы ойлар туындап жатыр", - деді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel