RU
Арыстағы балалар үйінен 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Арыстағы балалар үйінен 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Арыстағы балалар үйінен 14 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол сыныптасымен сөзге келіп қалып, белгісіз жаққа бет алған. Балалар үйінің қызметкерлері оны алдымен өздері іздеп екі сағат бойы таба алмағандықтан Арыс аудандық полиция бөліміне хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Кешкі сағат 18.00-де балалар үйінің тәрбиеленушісі, кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен соң, тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмысына кіріскен. Алайда Арыс ауданы аумағынан бала табылмаған.         

"Іздестіру жұмыстарына Арыс АПБ-нің учаскелік полицейлері, жедел уәкілдер мен басқа да құрылымдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Полицейлер Арыс ауданының қоғамдық орындарының барлығын тексеріп шықты. Алайда, нәтиже болмады.
Арыстық сақшылар облысқа қарасты барлық қала, аудандарға баланың жоғалуы бойынша хабарлап, іздестіру жұмыстарын күшейтті. Сонымен қатар, жоғалған баланың жақындары туралы мәліметтерді алып, олардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үздіксіз іздестіру нәтижесінде сыныптасына өкпелеп балалар үйінен кетіп қалған 14 жастағы бала түн жарымда Сарыағаш ауданынан табылған.

Жасөспірімді көшедегі жеңіл тағам әзірлейтін дүңгіршектің жанында отырған жерінен тәртіп сақшылары тауып алған.

Полицейлер баланы бөлімшеге жеткізіп денсаулығының жақсы екендігіне көз жеткізген соң психологтарды шақырып жасөспіріммен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп дін аман балалар үйінің тәрбиеленушілеріне табыстады.

Жоғалған баланы тапқан Арыс АПБ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция кіші сержанты Жәнібек Азамат Асқарұлы балалар үйіне ертесіне арнайы барып 14 жастағы баланың көңіл-күйі мен хал жағдайын біліп қайтқанын айтты.

"Осы қызметте жүргеніме 3 ай болды. Бұл уақытқа дейін балалардың бұлай ескертусіз шығып кету жайты болмаған. Алдағы уақытта да осындай келеңсіз жайттардың болмауы үшін балалардың жағдайын жиі біліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұратын боламыз", - дейді полицей Жәнібек Асқарұлы.    
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel